Жеңіс Қасымбек Қазақстанда әуе билеттері неге қымбат екенін айтты.
Премьер-министр орынбасары Жеңіс Қасымбек үкімет отырысында әуе билеттерінің шамадан тыс қымбат болуына байланысты пікір білдірді. Оның сөзінше, жолаушылардың көптігі мен әуе кемелерінің аз болуы салдарынан билет құны қымбат.
«Билет бағасының қымбат болуы жолаушылар тасымалдайтын ұшақтардың сұранысты қанағаттандыра алмауында. Бағаны арзандату мақсатында биылғы жылдың мамыр айында «Fly Arystan» компаниясын іске қостық. Осы жылдың аяғына дейін олар жолаушылар тасымалын екі есеге арттырмақ. Бұдан бөлек үкімет пен «Самұрық-Қазына» бірлесіп ұшақтар паркін кеңейту үшін «Air Astana» және «Qazaq Air» компанияларын қосымша қаржыландыруды жоспарлауда» - деді Қасымбеков.
Жылдың қай мезгілі болса да билет жоқ болып жататын темір жол тасымалына байланысты вице-премьер алыпсатарлармен күрес жүріп жатқанын айтты. Оның сөзінше, осы мақсатта қазір билат сатуды цифрландыру жұмыстары жүргізіліп жатыр және «Қазақстан Темір Жолы» компаниясы биыл қосымша 100 вагон сатып алуды жоспарлауда.