Түркия еліне кірген сүриялық босқындарды жаңа ағымын тоқтатуға бар күшін салып отыр. Ал, Сүрия президенті Башар әл-Ассад көтерілісшілер бақылауындағы ірі қалаларды қайтарып алуды көздеп отыр. Дүйсенбі күні Түркия қарулы күштері Хан-Шейхун қаласының маңына топталып, қаланы қарулы топтардан тазартты.
2001 жылы Сүрияда соғыс басталғаннан бері ел азаматтар жаппай шетелдерге босып кетті. сүриялық босқындар ағымы негізінен Еуропаны бетке алған. Алайда, Еуропа елдері Түркияға қаржылай қолдау көрсетіп, босқындарды Еуропаға жібермей ұстап тұруды өтініш еткен. Нәтижесінде Түркияда бас сауғалаған сүриялықтар саны 3 млн 600 мың адамға жеткен.
Стамбул шаһарының өзінде тіркеуден өткен 100 мыңнан астам сүриялық тұрақтаған болса, елдің кейбір аймақтары толықтай сүриялық аймаққа айналған. Еуропаның қаржылай қолдауында миллиондаған босқындарды асырап тұрғанымен, ел экономикасы құлдыраған кезде Түркия азаматтары Сүрия босқындарына шыдамы таусыла бастады. Босқындар мен жергілікті халық арасында қайшылықтар да күшейе бастады.
Бұл мәселелерді шешу үшін Түркия Сүриядағы кейбір аймақтарды қарулы топтардан босатып, еліндегі босқындарды кері қайтаруды көзде ұстауда. Осы барыста кейбір сүриялықтардың еркінен тыс еліне қайтарылып жатқаны да айтылып келеді. Түркиядағы отбасынан бөлініп Сүрияға экстрадиция жасалған кейбір босқындар заңсыз жолмен қайтадан Түркияға қайтып жатқаны да белгілі болған.
Сүрияға қайтарылған босқындардың айтуынша олар үшін қазір Түркияға қарағанда Сүрия қауіпсіз сезіледі. Себебі, Түркия қалаларында оларды жергілікті тұрғындар жек көре қарайды, түрлі қысымдарға ұшырайды. Сондай-ақ, заңды түрде тіркелсе де оның ешқандай кепілдігі жоқ. Қай күні полиция тұтқындап Сүрияға апарып салады деген уайыммен өмір сүріп жатқанын айтады. Түркиядағы көптеген Сүриялықтар түрік еліне ренжулі екенін BBC хабарынан да білуге болады.
Сұхбат берген бір сүриялық босқын: "Біз оларды біз қатарлы мұсылман деп санаймыз, ал олар бізді шеттетіп тұрады", – деп жауап беріп жатады BBC тілшісіне.
Бірақ, өз елінде береке жасай алмаған сүриялықтардың, қиын күнде шекарасын ашып 3,6 млн халықты соғыс алапатынан құтқарған түрік еліне деген ренішін түсіну тым қиын. Әрине, бір елден келесі бір елге барған адам адаптацияға дейін қоғамға жат болып тұратыны анық. Сүриялықтардың бұл ренішінен бұрын түркиялықтардың да ренішін түсінген жөн. Олар соғыс өртінен келген Сүрия босқындарының қоғамдық тәртіпті көбірек бұзатынын, әйелдері мен қыз балаларының кеште көшеде алаңсыз жүре алмай қалғанын айтып әлеуметтік желілерде талай "шу" көтерген болатын.
Міне осындай қайшылықтар Түркия армиясының Сүрия жеріндегі әскери операциясына себеп болуда. Былтыр күз айында басталған операция көршілер бірнеше ауданды қарулы топтардан, террорлық ұйымдардан босатты. Енді Түркия күштері Хан-Шейхун шаһарына жетті. Еліндегі миллиондаған босқынды еліне қайтару үшін Түркияның әскери операциялары әлі де ұзаққа жалғасуы мүмкін.