Түркия Ресейдің Су-35 ұшақтарын сатып алуы мүмкін.
«Yeni Safak» басылымының мәліметінше, Анкара АҚШ Түркияны F-35 ұшақ бағдарламасынан шығаратынын мәлімдегеннен кейін, Ресейдің Су-35 ұшақтарын сатып алуды жоспарлауда. Егер Анкара Мәскеумен келісімге келетін болса, Түркия қарулы күштерінің арсеналы Су-35 ұшақтарымен толығуы мүмкін.
Бұған дейін Шілде айында Ресейдің «Ростех» компаниясының басшысы Сергей Чемезов Түркияға Су-35 ұшақтарын сатуға дайын екендіктерін айтқан.
Түркия Ресейден С-400 әуе қорғаныс жүйесін сатып алғаннан кейін, шілде айының 17-і күні ресми Уашингтон Анкараны F-35 ұшақ жобасынан шығаратынын мәлімдеген. Кейіннен Пентагон Түркия 2020 жылыдың наурыз айында жобадан толықтай шығатындығын айтып, мәлімдеме таратты.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды