8 тамыз АҚШ-тың 200-ден аса қала мэрлері Сенаторлар өздерінің жазғы демалысын үзіп, шұғыл түрде «Атыс қаруларын сатуға бақылауды күшейту туралы» заң жобасын қабылдауын талап етті.
«Америка үні» жаңалықтар қызметінің дерегінше, мұндай ұсыныс Эль-Пасо (Техас штаты) және Дейтон (Огайо штаты) қалаларындағы 31 адам өлімімен орын алған қанды оқиғадан кейін бірнеше күн өткен соң жасалды.
АҚШ-тық 214 қала мэрлерінің конференциясы Сенаттағы оның демократтар мен республикашыларға қару-жарақ сатылымына қатысты тұтынушыға қоятын шарттарды күшейтуін сұрауда.
Ақпанда ұсынылған жаңа заң жобасы атыс қаруын сатып алушылардың жеке деректерін тексеру мерзімін 3 күннен 10 күнге дейін арттыруды қажет етеді. Мұндағы басты тетік жедел тексеру барысында әлеуетті сатып алушының жеке өзіне байланысты сауалдар болуы мүмкін, сол арқылы толық сұрау салынып, рұқсат берілетін болады.
Бұған дейін демократ-сенатор Чак Шумер Сенатқа жаңа шектеу шараларын мақұлдауға шақырған еді, бірақ республикашыл-сенатор Митч Макконнелл осы тақырыпқа дауыс беруде қалыс қалатын айтқан болатын.
«2019 жылдың І жартысының өзінде 250-ден астам жаппай ату оқиғалары болды», – деп көрсетілген Мэрлердің Заң шығарушыларға жазған ұжымдық хатында. Олар өз сөзінде Мексикамен шекаралас Эль-Пасо және Орталық-батыстағы Дейтон қалаларындағы «қайғылы оқиғалар біздің еліміздің алдағы уақытта федералдық үкімет атыс қаруына қатысты қажетті іс-әрекеттерді қолға алуын күте алмайтындығы жайлы ескертуі» деп толықтырды.
АҚШ президенті Дональд Трамп сәрсенбіде Дейтон мен Эль-Пасода болған көпшілікке жаппай оқ жаудыру оқиғасына қатысты «деректерді тексеруге үлкен қажеттілік» бар екенін мәлімдеген. Бірақ ол мұндай пікірді бір жыл бұрын, Флорида мектебінде 17 оқушы мен мұғалім атылғаннан кейін де айтқан болатын. Алайда Трамп көп ұзамай елдің басты қару-жарақ лоббиі Ұлттық атқыштар қауымдастығының (NRA) алдында өз позициясынан шегінген еді.
The Washington Post газеті хабарлауынша, осы аптада NRA өзінің Трампқа қарсы Үкіметтің қарауына жолданған өмірбаяндық деректер туралы жаңа тексерулер көпшіліктің қолдауын ие бола алмайтынын мәлімдеген.
Еске сала кетсек, өткен аптаның жексенбісі, 4 тамызда, 13 сағат ішінде орын алған Эль-Пасо мен Дейтондағы оқиғалар – Associated Press ақпарат агенттігі, USA Today газеті және Солтүстік-Шығыс университеті жүргізетін деректер базасына сәйкес, осы жылдың басынан бергі 21-ші және 22-ші жаппай кісі өлтіру фактісі. Жалпы жаппай кісі өлтіру оқиғасы ретінде шабуылдаушыны қоспағанда 4 адамның қаза табуымен есепке алынады. Басқа дерек көздеріне назар аударсақ, жыл басынан бері төрт кісіден аз жараланған немесе көз жұмған оқиғалар саны 250-ден асады. Осыдан 10 күн бұрын жексенбі күні қарулы адам Калифорния штаты Гилродағы сарымсақ фестивалінде үш адамды атып тастаған еді.