9 наурыз күні еліміздің барлық кинотеатрларында украиналық аниматорлардың бірегей туындысы - "Айдаһардың әміршісі" фильмі көрерменге жол тартпақ.
Ертегі әлеміндегі кейіпкерлерге жан бітіріп, Никита атты баланың басынан кешкен таңғажайып оқиғасы баяндалатын бұл фильм балалар мен үлкендердің де көңілінен шығатыны сөзсіз. Туынды 2016 жылдың соңында жарыққа шығып, алғаш Украина, содан, Польша, Түрік көрермендерінің ыстық ықыласына бөленіп үлгерген.
Бүгінде "Айдаһардың әміршісі" Вьетнам, Эстония, Латвия, Литва, Венгрия, Ресей және Қазақстан секілді 40-тан астам елде көрсетілмек. Фильм қазақ тіліне аударылып, театр және кино актерларының қатысуымен кәсіби дубляждалған болатын. Картинадағы басты кейіпкерді - "Қазақстан дауысы" жобасының жеңімпазы Дінмұхамед Дәулетов дыбыстады.
Осы уақытқа дейін 270 мыңнан астам адам тамашалаған анимациялық туынды Қазақстандық прокатқа қазақ және орыс тілдерінде 9 наурыздан бастап шығады.
«The Qazaq Times»