Арыстағы жарылыстан жарақат алған 8 жасар бала көз жұмды.
Азаттық радиосының хабарлауынша, Түркістан облысындағы Арыс қаласында болған жарылыс кезінде жарақат алған 8 жастағы Аян Шәріпбек Нұр-Сұлтан қалалық №2 балалар ауруханасында көз жұмған. Дәрігер Айдын Нұртасұлының сөзінше, Аянның жүрегі 2 тамыз күні таңертең тоқтаған.
Маусым айының 24-і күні Арыс қаласында орналасқан қару-жарақ қоймасында өрт болып, оның арты оқ-дәрілердің жарылуына ұласқан. Дәл осы күні тұрғындарды қауіпсіз жерге эвакуациялау барысында Аян Шәріпбекті көлік қағып, басынан жарақат алған. 28 маусым күні санавиация өкілдері бүлдіршінді Нұр-Сұлтан қаласына жеткізген. Кейіннен оған шетелдік дәрігерлер ота жасаған.












                                                        





                                        Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
                                    
                                        Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
                                    
                                        Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
                                    
                                        Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
                                    
                                        ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
                                    
                                        Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?