Германия АҚШ-ты қолдамады.
Германия АҚШ-тың Иранды қыспаққа алу мақсатында Парсы шығанағында күш біріктіру миссиясын қолдамады. Шілде айының 30-ы күні Бундастаг мүшелері Уашингтон ұсынысына жауап берді.
«Қазір АҚШ-пен күш біріктіру миссиясын жүзеге асыру мүмкін емес. Себебі еуропалықтар Иранға қатысты мүлде басқа саясат ұстануда» - деп мәлімдеді Бундестагтың сыртқы саясат комитетінің төрағасы Норбет Реттген.
Кеше АҚШ-тың Германиядан Парсы шығанағындағы кемелерді бірлесіп қорғауға байланысты көмек сұрағаны белгілі болды. Бұған дейін Ұлыбритания мен Франция аталмыш миссияға қатысатындығын мәлімдеген.
Шілде айының 19-ы күні Иран ислам революциясын қорғау копусы Парсы шығанағында Ұлыбританияның «Stena Impero» мұнай танкерін ұстаған. Осыдан кейін ресми Лондон Еуропа елдерінің көш басшылығымен суда кемелерін қорғауға арналған әскери теңіз миссиясын құруды ұсынған.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап