Тарихи кездесу: Сооронбай Жээнбеков пен Эмомали Рахмон қырғыз-тәжік шекарасында кездесті.
Бүгін Қырғызстан және Тәжікстан президенттері кездесті. Олар шекаралық аудандағы ақсақалдар кеңесі мүшелерімен жүздесіп, Исфара қаласында жеке кездесеу өткізеді деп жоспарлануда. Кездесулерден кейін екі ел басшылары Ыстықкөл жағалауындағы Шолпан-Ата қаласына аттанады деп күтілуде. Исфара қаласында кездесуге байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Шаһарға Тәжікстан арнайы қызмет сарбаздарының қосымша жасақтары кіргізілген.
Тәжікстан президент әкімшілігінің мәліметінше, Эмомали Рахмонмен бірге Сооронбай Жээнбековпен кездесуге Қорғаныс министрі Шерали Мирзо, ҰҚК басшысы Саймумин Ятимов, ІІМ Рамазон Рахимзода және шекара әскерінің басшысы Раджабали Рахмонали келген.
Естеріңізге салайық, 22 шілде күні Қырғызстанның Баткен облысындағы Ақ-Сай ауылы мен Тәжікстанның Ворух анклавының шекарасында қақтығыс болып, салдарынан 16 қырғыз және 10 тәжік азаматы зардап шеккен. Шілде айының 23-і күні тағы да атыс болып, бір шекарашы жараланған.
Қырғыз-тәжік шекарасының ұзындығы 970 шақырым. Осы уақытқа дейін оның тек 519 шақырымы бойынша ғана келісім жасалған. Қалған бөлігі әлі күнге дейін бөлісілмеген. Осыған байланысты жергілікті тұрғандар арасында су, жайылым және жер пайдалануға байланысты дау жиі болып тұрады.