Жапонияда парламенттік сайлау мәресіне жетіп, жергілікті халық заң шығарушы органның Жоғары палата депутаттарын сайлады.
Kyodo агенттігі жүргізген сауалнамаға сүйенсек, Абэ басшылық ететін Либералды демократиялық (ЛДП) партияның мерейі үстем болуы тиіс. Елдегі Asahi мен Nikkei газеттері де осындай пікірді ұстанады. Аталған басылымдар жүргізген сауалнамада да халықтың басым бөлігі ЛДП-ны қолдайтынын жеткізген. Бүгін жарияланған сайлау нәтижесіне сәйкес, Либералды-демократиялық партия мен Комэйто партиясының коалициясы жалпы алғанда 141, ал оппозиция мен басқа партиялар кеңесшілер палатасында 104 орынға ие болды. Осылайша, оппозиция Парламенттік жоғары палатасында басымдыққа қол жеткізіп отыр.
Қазіргі билік басындағы партияның көпшілік дауысты иеленуі премьер-министр Абэге ел конституциясына өзгеріс енгізуге жол ашады. Ол Жапонияның 1947 жылы қабылдаған әскер құру және әскери қимылдарды жүргізуден бас тарту туралы 9-бапты өзгертіп, елдің қарулы күштерін қолдану аясын кеңейтуді көздеп отыр. Сайлау қорытындысы мәлім болғаннан кейін Синдзо Абэ сөзінде: «Біз жапон халқынан саяси тұрақтылыққа негізделген шараларды табанды түрде ілгерілету мақсатында мандат алдық деп ойлаймын. Осы үмітті ақтағымыз келеді», – деп мәлімдеді. Бір айта кетерлігі, Жапоняға көршілес елдер, ең алдымен КХДР мен Оңтүстік Корея Токио Екінші дүниежүзілік соғыста корей халқы зардап шеккен жапон милитаризмінің қайта жандануына қол жеткізбек деп қауіптенген болатын.
Жапонияда парламенттің жоғарғы палатасына депутаттар 6 жылға сайланады. Ал олардың жартысы үш жылдан кейін қайта сайлаудан өтеді. Биылғы жылдың тағы бір ерекшелігі, Жапония 70 жылдан кейін дауыс беру жасын 20 жастан 18 жасқа өзгертті. Енді елдің 18-ге толған кез келген азаматы өз таңдауын жасай алады.
Парламенттің негізгі компетенциясына және қызметіне келесілер кіреді: заңдарды және заң жобаларын қарастыру, қабылдау; қаржылық өкілеттілігі – жыл сайын бюджетті бекіту; атқарушы органга бақылау жасау, премьер-министрді тағайындау, үкіметке сенім білдіру сұрақтарын қарастыру, мемлекеттік басқару сұрақтары бойынша министрлер кабинетіне және арнайы комиссиялар құру; сот қызметтерінің өз қызметтерін дұрыс пайдаланбағаны үшін қозғалған істерін қарауға арналған сотты құру, сот органдарының қызметін бақылау; ішкі және сыртқы саясатты қарау, халықаралық келісім-шарттарды қарау.
Жапония парламенті өз қызметін жүзеге асырғанда тәуелсіз болып табылады. Унитарлы мемлекетте екі палаталы парламенттің болуын жапондық ғалымдардың түсіндіруіне қарағанда, өкілдер палатасы – бұл партиялық саясаттан кейін «сапалы бастама», ал кеңесшілер палатасы – бұл қызығушылықтардың балансын сақтауға байланысты қарама-қайшылықты жою үшін «ақылға сыйымды бастама» делінген.