Арыстағы жарылысқа байланысты тергеу органдары жарылыстың ықтимал себептері туралы зерттеуде. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев жарылысқа байланысты 6 түрлі болжамның бар екенін айтады. Бұл туралы centralasian хабарлаған болатын.
Қорғаныс министрінің мәлімдеуінше қарастырылған болжамдар қатарында: адам факторы, өрт қауіпсіздік ережесінің сақталмауы, салақтық, техникалық себептер (айталық электр желілерінің тұйықталуы немесе химиялық реакция болу) мен қатар мақсатты өртеу және диверсия қатарлы болжамдар бар.
Бұған дейінгі мәліметтерде айтылғандай, Арыстағы жарылыста онда сақталған оқ-дәрілердің шамамен 70 пайыздан астамы жарылып кеткен. Кейбір қоймалар әлі де бықсып тұтап жатыр, бұл өрт сөндірушілердің әрекетіне кедергі болуда. Қорғаныс министрінің айтуынша, Арыс қаласында әскерилер тағы бір айдан астам уақыт залалсыздандыру жұмыстарын жалғастырады.