Біріккен ұлттар ұйымы таратқан мәліметке қарағанда, әлемде қылмыстық әрекеттерден қаза болатындардың саны соғыста қаза болатындардан көп. 2017 жылдың өзінде қастандық әрекеттерінен көз жұмған адам саны жарты миллионға жуықтаған.
БҰҰ-ның Есірткі және қылмысқа қарсы агенттігі жариялаған мәліметке қарағанда, 2017 жылы соғыстардан 89 мың адам көз жұмса, лаңкестік шабуылдардан қаза болғандардың саны 26 мың адам болған. Ал, кісі өлтіру қылмыстарынан 464 мың адам көз жұмған.
Мәліметтерге қарағанда, әлемде қылмыстық әрекеттер Орталық Америкада (Соның ішінде Мексикада көбірек) ең көп тіркелген. Бұл аймақта қаза болған әр жүз адамның 62-сі кісі қолынан өлгендер. Кісі өлтіру қылмыстарының 19 пайызы ұйымдасқан қылмыстық топтарға тиесілі.
Қасақана кісі өлтіру әрекеттері салыстырмалы түрде Еуропа, Орталық Азия, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде азырақ.