Израиль үкіметі 5 наурыз күні өткен жиында марихуананы пайдалану қылмыс болып саналмайтындығы жайлы шешім шығарды. "Израиль бұдан былай әлемде болып жатқан марихуананы тұтынуға байланысты өзгерістерге көз жұмып қарай алмайды" - деп, мәлімдеді, елдің әділет министрі - Айлете Шакед.
Жаңа ережелерге сәйкес марихуананы шеккендерге белгілі бір көлемде айыппұл ғана салынатын болады. Осыған дейін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, темір торға тоғытылса, енді бұл шаралар тек бірнеше мәрте марихуанамен ұсталып, қатаң ескерту алған кезде ғана жүзеге асырылмақ.
Бұл ұсыныс "Ликуд" партиясының мүшесі, депутат Шарен Аскель мен нашақорлықпен күрес жөніндегі басқарманың тарапынан жасалып отыр деп хабарлайды NEWSru_Israel. Алғаш бұл өзгерістер ішкі қауіпсіздік және әділет министрлігі тарапынан мақұлданбаған болатын.
Reuters жариялаған, израиль полициясының мәліметтеріне сәйкес 2015 жылы марихуанамен ұсталған 188 тәртіп бұзушы тіркелсе, 2010 жылға қарағанда бұл көрсеткіш 56 пайызға азайған. Сонымен қатар, марихуананы медициналық мақсатта қолдану туралы Израильдің 25 мың нан астам тұрғынында заңды рұқсат қағаздары бар.
“The Qazaq Times”


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?