Ресей Сарышаған полигонында зымыраннан қорғану жүйесінің (ЗҚЖ) жаңа ракетасын сынақтан өткізді. Бұл туралы Ресей Қорғаныс министрлігі хабарлады.
Ресей Қорғаныс министрлігіне қарасты әуе-ғарыштық күшінің полковнигі Павел Кузьмин «жаңа ракета сынақтан сәтті өткенін» хабарлады. Министрлік дерегінше, жаңа зымыран ғарыштан және аспаннан жасалған шабуылдардан қорғауға арналған және сынақ кезінде ол Сарышағандағы шартты нысанға дәл тиген. Ресми хабарламада зымыранның қашан сыналғаны айтылмаған. Ресейлік жергілікті ақпарат құралдары инстаграм парақшаларында зымыран қорғаныс жүйесінің сәтті сыналғанын және бұл «үлкен жетістік» екенін жазған.
Қарағанды облысындағы Сарышаған полигонының бір бөлігін Ресей 1996 жылы Қазақстанмен жасалған келісім бойынша жалға алған. Полигонның қалған бөлігін Қазақстан пайдаланады. Сол кезден бастап Ресей Сарышаған полигонындағы шартты нысанаға бағыттап жиі зымыран атады. Бірнеше рет Ресей қорғаныс министрлігі Қазақстанмен шекарадағы Астрахан облысында орналасқаннан полигоннан «Тополь» құрлықаралық баллистикалық зымыранын сынақтан өткізген. Сынақ кезінде зымыран Сарышаған полигонындағы шартты нысананы атып түсірген.
Биыл Қазақстан үшін «тар жол, тайғақ кешкен» жыл болғаны белгілі. Бұлай деуімізге жыл басынан бері жалғасын тауып келе жатқан сәтсіз оқиғалар, таяуда ғана Арыста болған жарылыс дәлел. Қазақстан халқы осындай қыспақты кезеңдерді бастан өткеріп отырғанда, Ресей тарабы халық қарсылығына қарамастан, қазақ жеріне тиесілі аумақтарда зымыранын сынақтан өткізіп, жергілікті БАҚ-тарда «қуанышты хабар» таратып жүр. Мәселен, Ресей қарулы күштері 2017 жылдың қыркүйегінде «Батыс-2017» әскери оқу-жаттығу жұмыстары аясында Капустин Яр сынақ алаңынан «Ескендір-М» зымыранын ұшырған болатын. Жоғары қуатты «Ескендір-М» зымыраны 480 шақырым ұшып Қазақстан аумағындағы Мақат полигонына келіп құлаған. Химиялық қосындының зардабы қарапайым халық тартып отыр. Ал бұл жағдайлар «шыдамның шегіне жеткенде», соңы жақсылыққа апармасы анық.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел