АҚШ президенті Дональд Трамп пен Қытай басшысы Ши Жинпиң бүгін таңертең Жапонияның Осака қаласында өтіп жатқан «Үлкен жиырмалық» саммиті аясында кездесті. Алайда, екі ел басшысының кездесуі жабық есік жағдайында өткен.
Кездесу алдында АҚШ президенті саммит қарсаңындағы кездесуді сауда теңсіздігін реттеудегі маңызды орай деп бағаласа, Қытай басшысы Қытай-АҚШ қатынасының дамуына қатысты негізгі мәселелерді талқылауға дайын екенін білдірді.
Хабарларға қарағанда, Қытай басшысы кездесуде екі елдің дипломатиялық қатынастарының барысынан тарта отырып, қарым-қатынастарды реттеу туралы ең негізгі деп тапқан тақырыптар туралы өз ойын ортаға салған. Ол бұдан 48 жыл бұрын ҚХР мен АҚШ дипломатиясының орнауына қозғаушы спорттық шаралар туралы айта келіп: «Соңғы 40 жылда халықаралық жағдай мен АҚШ-Қытай қарым-қатынасында да елеулі өзгерістер болды. Бірақ, негізгі шындық әлі өзгерген жоқ, бұл негізінен Қытай мен АҚШ арасындағы негізгі айырмашылықтар. Әскери қадамдардың «жарақаты ауыр болады», қайылықтан гөрі ынтымақтастық, қарсыласудан гөрі диалог пайдалы», – деген.
Қытай басшысы Трампқа қарата: «Жақында телефон арқылы Трамп мырзамен жақын пікір алмастым. Бүгін мен президент мырзамен Қытай-АҚШ арасындағы байланыстың дамуына қатысты ең негізгі мәселелерді кеңескім келеді. Бұл сондай-ақ, екі ел қатынасының келесі кезеңдеріне бағдар бере алады. Біз Қытай-АҚШ қатынасын үйлестіруде ынтымақтастық пен тұрақтылықты негіз етеміз», – деген.
АҚШ президенті өз кезегінде Ши Жипиңның жылы лебізіне рахмет айта келіп, өзінің Бейжің сапарындағы әсерлерімен бөліскен. Ол Қытай басшысымен жақсы қарым-қатынас орната алғанын және Қытай мәдениетімен терең таныс болғанын жеткізген.
Трамп сөзінде: «Менің ойымша, біз тіпті де жақындай түскендейміз. Біз қазір одан да жақындай түссек, әділ сауда туралы келісімге келе алсақ бұл тіпті де тарихи маңызды қадам бола түспек. Сіздердің бұған ашық позицияда екендеріңізді білемін және бізде толықтай ашықпыз. Екі елдің келіссөз өкілдері көп күш-қуат жұмсады. Бұл жемісті пікір талас болды деп ойлаймын. Менше, біз екі ел үшін маңызды әрі тиімді келісімге қол жеткізе аламыз. Әрі, соны асыға күтемін», – деген.
АҚШ пен Қытай басшыларының кездесудегі лебіздері қалыптан тыс жылы шырай танытқандай болды. Дегенмен, екі ел арасындағы сауда қайшылығына байланысты негізгі түйіндердің талқыланғаны туралы толық ақпарат жоқ. Бірақ, кездесудегі тараптардың алғашқы сөз алысынан Уашингтон мен Бейжіңнің қарым-қатынас туралы пікірлерінде қайшылықтардың сақталып отырғанын аңғару қиын емес. Айталық, Бейжің Қытай-АҚШ қатынасындағы тарихи, саяси, стратегиялық байланыстарға көбірек назар аударатынын аңғартты. Ал, Уашингтон болса, қазіргі тап болып отырған сауда дауын әділ сауда келісімімен шешуге тырысады.
Бір анығы – сауда келісімінің әрбір тармақтарын бекіту үшін тараптар талай мәрте келіссөз үстеліне отырады және АҚШ-Қытай арасындағы түбірлі келісім өте қысқа уақытта жүзеге асуы қиын.