Жақында Ұлттық банк депозиттің жаңа түрін енгізді.
Өзгерістерге қатысты мәлімдеме жасаған Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев кепілдік беру қоры ұсынған қазақстандық депозиттер бойынша ең жоғары мөлшерлеме өзгертілгенін айтты. Валюталық активтерді ел ішінде сақтауды ынталандыру үшін жаңа құрал ретінде 1 шілдеден бастап банктердің ұлттық банктегі валюталық депозиттері енгізіледі. Мұндай депозиттердің мерзімі – бір ай. Ал жылдық мөлшерлемесі 0,5%-ға дейін болады. Шетел валютасын ел ішінде ұстап отыру мақсатында екінші деңгейлі банктер үшін депозиттің жаңа түрі енгізіледі. Оны ұлттық банктің өзінде ашуға болады.
Сонымен қатар, Е.Досаев: «Халықтың теңгедегі мерзімді емес депозиттері бойынша ұсынылған мөлшерлемені 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап 10,5%-тен 9,8%-ке дейін төмендету туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, биыл 1 маусымнан бастап он екі ай және одан жоғары мерзіммен шетел валютасындағы жинақ пен мерзімді депозиттер бойынша 2 процентке дейін көтерілді. Бұл шара банктердің міндеттемелерін ұзартуға бағытталған», – деп мәлімдеді.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі