Алматы облысы Талғар ауданында Калининге арналған ескерткіштер алынып тасталды. Тұздыбастаудағы Калинин ескерткіші "Алаш" арыстарына арналған ескерткішке ауыстырылғаннан кейін, Талғар аудардық Мәдениет үйінің алдындағы Калининге арналған тағы бір ескерткіш алынып тасталды.
Шараға бастамашылық еткен қоғамдық ұйым мүшелерінің айтуынша, отарлық дәуірдегі арыстарымыздың құрбан болуына, ұлттымызға қасіретті таңба басқан кеңестік тұлғаларды ескерткішін ұлттың ұлағатты өз перзенттеріне арналған ескерткіштермен ауыстыру нағыз рухани жаңғырған елдің көрінісі. Бұл отарсыздану үрдісінің заңдылығы деп санайды.
Айта кетейік, шара "Желтоқсан ақиқаты" қоғамдық ұйымының бастамасымен жүзеге асуда және оған Талғар аудандық Мәдениет бөлімінің қолдау көрсеткенін де айта кету керек.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды