Жақында өтетін халықаралық әскери ойындарға байланысты Ресей сарбаздары Қазақстанмен шекаралас аймақтарда оқу-жаттығу шараларын өткізіп жатыр.
Ресей тілшісі Андрей Соболевтің айтуынша, шекаралас аудандарда үлкен дайындық басталған. Елді-мекендерде жолдарға тас төселген. Барлық қонақ үйлер брондалып, ішінде әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Жергілікті тұрғындар бірнеше күннен бері әскери техника мен үлкен будкалар тиелген «КАМАЗ»-дар жүр.
Соболев өз мақаласында Ресей әскерилерінің Қазақстан шекарасына жақындауы алда келе жатқан президенттік сайлаумен байланысты болуы мүмкін, себебі ел билігі қауіпсіздік шараларын қолға алып жатыр деген. Сондай-ақ, ол: «Көрші елде бәрі бейбіт аяқталады, ал шекараға тартылып жатқан әскери күштер – тек әскери ойын үшін деп үміттенеміз», – дейді.
Алдын-ала мәліметтер бойынша, биыл Ресей мен Қазақстан екі ел аумағында өтетін әскери оқу-жаттығуға қатысу үшін әскер алмасады. Ресей өз әскерін көрші республикаға, ал Қазақстан өз әскери бөлімшелерін Ресейге жөнелтеді. Сондықтан да әскерилердің бұл белсенділігі алдағы Халықаралық әскери ойындармен байланысты.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті