Жапония үкіметі премьер-министрі Шинзо Абе мен Солтүстік Корея басшысы Ким Жоң Ун арасында кездесу ұйымдастыру туралы ұсыныс жолдамақ. Бұл туралы Жапонияның Kyodo ақпараттық агенттігі хабарлаған болатын.
Хабарға қарағанда, Шинзо Абе (орс. – Абэ Синдзо) мен Ким Жоң Ун (орс. – Ким Чен Ын) арасындағы саммитті алдағы аптада Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтетін Солтүстік Азия қауіпсіздік диалогы барысында ұйымдастыру жоспарлануда. Жапония мене КХДР лидерлері арасындағы саммитті жоспарлау үшін Жапонияның Сыртқы істер министрлігіне қарасты Азия және Тынық мұхит қарым-қатынастар бюросы арнайы делегация аттандырмақ.
Жапония мен Солтүстік Корея арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылмағандықтан, екі ел лидерінің саммиті халықаралық конференция тұсында өткізу қарастырылуда. Мамыр айының бас шенінде Жапонияның бас уәзірі Шинзо Абе Солтүстік Корея басшысымен диалог өткізуге дайын екенін жеткізген болатын.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр