Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін кешкі сағат 18:00-де «Хабар» телеарнасында болатын президенттікке үміткерлер арасындағы теледебатқа қатыспайтын болды. Бұл жөнінде оның кеңесшісі Ерлан Қарин мәлімдеді.
«Президент басқа кандидаттарда көп мүмкіндік болуы керек деп есептейді. Өзге үміткерлер де өз ұстанымдарын кеңінен насихаттап, халыққа танылса дейді. Ол әділ сайлау өткізуге уәде берген. Бұл – оның негізгі ұстанымы» - деді Қарин.
Ерлан Қариннің сөзінше, Тоқаев сайлау алды штабына теледебатқа бір өкіл жіберуді тапсырған. Бірақ кеңесші дебатқа штаб атынан өкілдердің нақты баратынын айтқан жоқ.
Теледебатқа Әміржан Қосынов, Жамбыл Ахметбеков, Амангелді Таспихов, Сәді-Бек Түгел және Төлеутай Рахымбеков қатысады. Ал «Ақ жол» партиясының кандидаты Дәния Еспаеваның орнына партия жетекшісі Азат Перуашев қатысады деп күтілуде.
Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы маусым айының 9-ы күні өтеді. Қазіргі уақытта кандидаттар сайлау алды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Ол маусым айының 8-іне дейін жалғасады. 8-ші маусым – тыныштық күні. Бұл жолғы сайлаудың басты ерекшелігі оған Қазақстанды 29 жыл үздіксіз басқарған Нұрсұлтан Назарбаев қатыспайды.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды