Нұр-Сұлтан қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.
Ведомство таратқан хабарламада: «Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық сотының үкімімен елордалық Әділет департаменті басшысының орынбасары Р.Рамазанов «Астана қалалық жарық» ЖШС шоттарынан тыйым салуды алу үшін 22 млн теңге пара алуға оқталғаны үшін кінәлі деп танылып, 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», – делінген. Сонымен қатар, сот шешімімен оның сыбайластары – Әділет департаментінің Атқару өндірісін қамтамасыз ету басқармасының басшысы Е.Дәулетбаев және аға сот орындаушысы – Әділет департаментінің Алматы аумақтық бөлімінің басшысы Г.Манапова – сәйкесінше 9 және 5 жыл бас бостандығынан айырылды.
Айта кетейік, бұдан бөлек сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросымен ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 200-бабы негізінде енгізілген ұсынымға сәйкес Әділет министрлігінің жауапты хатшысының бұйрығымен департамент басшысы М.Әбілов атқарып отырған лауазымынан босатылған.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы