Шетелде тәжікстандық ондаған мемлекеттік органдардың сайты жұмыс істемей тұр.
19 мамырда қатаң режимдегі Вахдат колониясындағы тәртіпсіздіктен соң, Тәжікстанда бірнеше сайттар бұғатталды. Бұдан соң, бірнеше мемлекеттік органдардың сайттары да елден тыс жерлерде істен шықты. Атап айтқанда, ІІМ, Кеден комитеті, Бас прокуратура, сот, Дін комитеті, Мәдениет министрлігі, Білім министрлігі, Ғылым академиясы сынды сайттарға кіру мүмкін болмай қалды. Аталған сайттар тіпті VPN арқылы да ашылмайды.
Желі қолданушыларының айтуынша, бір аптадан бері мемлекеттік ведомстволар мен министрліктердің сайттарына кіру мүмкін емес. Яғни, 20 мамырдан бастап Тәжікстан билігі Google қызметтерін, YouTube, Facebook, Twitter, "Сыныптастар", Instagram секілді әлеуметтік желілер мен жаңалықтар сайттарын бұғаттады. Салдарынан мемлекеттік ведомстволар мен министрліктердің сайттары да істемей қалған.
Жалпы, Тәжікстанда да Қазақстандағы секілді елде болып жатқан оқиғалар туралы, әсіресе қоғамда резонанс тудыруы мүмкін ақпараттарды шектеу мақсатында әртүрлі ақпараттық ресурстар, әлеуметтік желілер жиі бұғатталады. Мәселен, мамыр айының басында елде әлеуметтік желілер мен жаңалықтар сайттары бұғатталып, Интернет желісінің сапасы нашарлады. Сондай-ақ, бұған дейін Тәжікстан Монополияға қарсы қызметі мобильді интернет бағасының көтерілетінін хабарлаған еді. Алайда, халықтың ашық наразылықтарынан соң ел президенті Эмомали Рахмон жобаға қол қойған жоқ.
Ал, ЕҚЫҰ және "Шекарасыз репортерлер" секілді халықаралық ұйымдар Тәжікстан билігін Интернет-ресурстарды бұғаттаудан бас тартуға шақырды.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр