Британ парламентінің Лорттар палатасы Брекситтен кейін Еуроодаққа кірген өлкелердің азаматтары Ұлыбританияда қала беру ұқығына кепілдік беруін талап етті деп хабардады Би-Би-Сидің қырғыз қызметі.
Қоғамдық палата тарапынан қолдау тапқан Брексит бойынша заң жобасын талқылауда, палатаның 358 мүшесі заңға түзету кіргізу үшін дауыс берді. Ал, қосымша пункт бойынша, Британия ЕО-дан шыққаннан кейін одақтың азаматтары осы өңірде тұрып, жұмыс істеуге мүмкіндік алуы керек.
Бұған дейін Ұлыбританя премьері Тереза Мэй Лорттарды заң жобасын өзгеріссіз қабылдауға шақырған еді.
Дауыс беру алдында өкімет лорттарды заң жобасын өзгеріссіз қабылдауға көндіруге әрекет қылған. Заң жобасын қабылдау екі аптаға кешікті. Тереза Мэй Еуроодақтан шығу процесін наузыздың соңына дейін бастайтынын уәде еткен.
Күтілгендей үкімет бұл заң жобасының бастапқы нұсқасын сақтап қалуға Қоғамдық палатаны көндіруге әрекет қылып жатыр.
Қоғамдық палата Еуроодақтан шығу бойынша заң жобасын үшінші рет оқуды 8 ақпанда мақұлдаған. Құжатты талқылау мәліметінде бірқатар өзгертулерді ұсынғанымен нәтижесінде өзгеріссіз қалтырды.
Лорттар палатасына келгенде заң жобасы тексерусіз өтеді деген сенім болған. Наурыздың басында өткен Еуроодақ саммитіне дейін екі палатаның да мақұлдауынан өтіп, бекітіледі деп күтілген. Содан кейін Мэй ресми түрде ЕО-дан шығуды бастамақ.
Британияның Жоғарғы соты Еуропа Одағынан шығуды іске асыру үшін, үкімет алдымен парламенттің мақұлдауын алуы керек деген шешім шығарған. Осыдан кейін заң жобасы парламентке ұсынылған.
«The Qazaq Times»