Арменияда Пашинян революциясының екінші кезеңі басталды.
Мамыр айының 20-ы күні таңғы сағат 8-30-дан бастап Армания халқы премьер-министр Никол Пашинянның бастамасымен сот ғимараттарының алдына жиналып, кіреберіс есіктерді жабуда.
18 мамыр күні экс-президент Роберт Кочарянды босатуға байланысты шығарылған сот шешімінен кейін, премьер-министр Никол Пашинян халықты жаппай көшеге шығуға шақырып, өзінің бұл бастамасын «революцияның екінші кезеңі» деп атаған.
Президент Армен Саркисян елде болып жатқан саяси жағдайларға байланысты мәлімдеме жасады.
«Арменияда демократиялық процестер жүретіндігі ешкімнің күмәнін туғызбауы тиіс. Армения Республикасының Конституциясы бойынша, билік халықтікі. Заң шығарушы, атқарушы және сот органдары халықтың талап-тілектері негізінде жұмыс істеуі тиіс. Осыған байланысты Армения халқын саяси немесе азаматтық мансабына қарамастан Коституция мен заңды сақтауға шақырамын» - деді Саркисян.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?