Жексенбі күні Үндістанда үлкен сайлау аяқталды. Дауыс беру кезіндегі телеарналар жүргізген сауалнама Үндістанның премьер-министрі ретінде Нарендра Модидің қайта сайлануы мүмкін екенін көрсетті.
Үндістандағы сайлау бес аптаға жалғасып, бірнеше жүз миллиондаған халық дауыс берді. Моди басқарған Ұлтшылдар партиясы жеңіске жетуі мүмкін деп болжануда. Бірақ, Ұлттық кеңесте басым орынды иелей алмауы да мүмкін деген болжамдар да бар. Үндістанның телеарналары жүргізген сауалнама нәтижесіне қарағанда, Ұлттық кеңестің 545 орынның басым көбін Халықтық партия жеңіп алуы мүмкін екен.
Кезекті сайлауда, Рахул Ганди басқаратын оппозициялық Ұлттық конгресс партиясы Халықтық партияға жол беріп қойды. Дегенмен, 2014 жылмен салыстырғанда Ұлттық конгресс партиясы көбірек дауыс жиған.
Дегенмен, Үндістандағы сайлау өте ауқымды әрі күрделі болады. Үндістанның миллиардтан астам халқы сайлауда белсенділік танытады. Кезекті сайлаудың өзіне 900 миллионға жуық үндістандық қатысқан. Сондықтанда, телеканалдар жүргізген сауалнама нәтижесі дұрыс болмай шығуы да мүмкін. Сайлаудың соңғы қорытындысы бейсенбі күні жарияланады.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?