Германия канцлері Ангела Меркель Еурокомиссияның "Солтүстік ағын – 2" жобасы құрылысын тоқтату мүмкіндігіне күмән келтіреді. Бұл жөнінде «Deutsche Welle» жазды.
Меркельдің пікірінше, жоба толығымен бекітілген, енді оны "газ директивіне" қарамастан тоқтату мүмкін емес. Таяуда Еурокомиссия Брюссельге газ жобаларын реттейтін құқық беретін құжат қабылдаған.
Ангела Меркель аталған жобада Украина Ресей газын тасымалдауда транзитті ел ретінде қалуы тиіс деп есептейді. Ол бұл мәселені Украинаның жаңа сайланған президенті Владимир Зеленскиймен бірге талқылауға уәде етті.
"Солтүстік ағын" газ жобасының екінші кезеңінің салынуына Еуроодақтың бірқатар елдері қарсы шығып отыр. Әсіресе Орталық және Шығыс Еуропа елдері. Тіптен бұл жобаға тыйым салуға барын салып жатыр.
Ал Ресейдің "Газпром" компаниясының басқарма басшысы Алексей Миллер «осы уақытқа дейін газ құбырының жартысынан астамын салып біттік» деп отыр.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?