АҚШ мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео Мәскеуге сапарын кейінге қалдырды.

"Reuters" ақпарат агенттігінің мәліметінше, Майкл Помпео мамыр айының 13-і күні Ресей астанасы Мәскеу қаласына сапарлай баруы тиіс болған. Бірақ ол бұл сапарын кейінге қалдырып, Брюссельге ат басын бұрған. Бұнда Помпео Еуроодақ елдерімен Иран мәселесін талқылайды деп жоспарлануда.

Бұған дейін БАҚ беттерінде АҚШ мемлекеттік хатшысының мамыр айының 12-14 күндері аралығында Мәскеу мен Сочи қаласына ресми іссапармен барып, Ресей президенті Владимир Путин мен СІМ Сергей Лавровпен кездеседі деген ақпарат тараған. Кездесу барысында тараптар Украина дағдарысы, Венесуэладағы жағдай және қару-жарақ бақылауы жөнінде келіссөздер жүргізуі тиіс болған.

АҚШ Мемлекеттік департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Помпео Путин және Лавровпен 14 мамыр күні Сочи қаласында кездеседі.

"The Qazaq Times"