Биыл жыл соңына дейін Өзбекстан мен Ресей АЭС (Атом электр станциясын) салу жөнінде келісімге келуі мүмкін. Бұл жөнінде "Өзатом" агенттігінің бас директоры Журабек Мырзамахмудов хабарлады.
"Бізде бұл бағытта нақтыланған жоспар бар. Жоспарға сәйкес келісімге жыл соңына дейін қол қойылады", - деді Мырзамахмудов.
Өткен аптада Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Өзбекстанға барып, АЭС салатын орынды талқылаған. Бірақ әлі күнге дейін құрылыс орны құпия сақтауда.
Журабек Мырзамахмудовтың айтуынша, АЭС-тің алғашқы кезеңі 2028 жылы пайдалануға беріледі, екінші кезеңі 2030 жылға қарай салынып бітпек.
"Біздің болжамымыз бойынша Өзбекстанның электр энергиясын пайдалану қажеттілігі сағатына 170 млрд КВт-қа жетпек. АЭС бұл қажеттіліктің 15-16 процентін қамтамасыз етеді", - деп атап өтті "Өзатом" басшысы.
2018 жылдың қазан айында Шавкат Мирзиеев пен Владимир Путин Жызақта символикалық түрде АЭС құрылысын бастау түймешігін басқан.
Айта кететін бір жайт, Ресей басшысы Владимир Путин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа да ел аумағына атом электр станциясын салу жөнінде ұсыныс жасаған. Кейіннен бұл ұсыныс қоғамда қызу талқыланып, халықтың басым көпшілігі қарсы шыққан.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?