Украинаның орталық сайлау комиссиясы дауыс берудің ресми қорытындысын жариялады.
Нәтижесінде Владимир Зеленский Украина президенті атанды. Екінші кезеңде шоумен дауыс берушілердің 73,22% қолдауына ие болған. Ал оның қарсыласы, елдің қазіргі басшысы Петр Порошенкоға 24,45% тұрғын дауыс берген.
Сайлаудың екінші туры 21 сәуірде өтті. Дауыс беруге ел халқының 61,3% -ы қатысты. Осыған дейін яғни 19 сәуірде Киевте президенттікке кандидаттар арасында дебат өткен болатын. Дебатта Владимир Зеленский 2014 жылы Порошенко үшін дауыс бергенін, бірақ бұл қадамның қате екендігін айтты: «Біз сіз үшін дауыс бердік. Алайда, Порошенконың екі бейнесі бар еді. Біз қолдаған Порошенко «Путин, мен саған көрсетемін. Ресей – агрессор» – деді. Ал екінші бейнеңіз жасырын түрде Медведчук мырза арқылы Мәскеуге сәлемдеме жіберіп отырды. Мен сіздің қателіктер мен уәделеріңіздің нәтижесімін», – деген болатын.
Жаңа президенттің инаугурациясы Жоғарғы рада (парламент) белгілеген күні өткізіледі. Заң бойынша инаугурация сайлаудың ресми нәтижесі жарияланған соң 30 күн ішінде өткізіледі.
Айта кетейік, 41 жастағы Владимир Зеленский – актер, шоумен, продюсер және «Квартал-95» студиясының жетекшісі. Президенттікке кандидат болардан бұрын саясатта жүрмеген, бұрын-соңды мемлекеттік лауазымда болмаған.


















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті