Ауғанстанда жыл басынан бері қарулы шабуылдар мен қақтығыстардан 1192 адам қаза тапқан. Қаза тапқандардың жартысына жуығы бейбіт тұрғындар болған. Бұл туралы БҰҰ-ның Ауғанстанға көмек беру ұйымының өкілдері мәлімдеген.
Аталған ұйымның мәлімдемесінде, 2019 жылдың алғашқы 3 айында түрлі қақтығыстардан 1192 адам қаза тапқан, олардың арасында 150 баланы қамтыған 581 бейбіт тұрғын да бар.
Сондай-ақ, мәлімдемеде мыңнан астам адамның өліміне себеп болған осы қақтығыстардың 39 пайызы Талибан тарабынан, 12 пайызы ДАИШ тарабынан, 17 пайызы үкіметтік күштерден, 13 пайызы елдегі шетелдік күштердің, 19 пайызына елдегі өзге оппозициялық күштер тарабынан жасалған.
Азаматтық шығындардың басым көбі қарулы қақтығыстардан болған, бұдан тыс жанкешті шабуылдар мен жарылыстардан да көптеген адам қаза тапқан. Бұл көрсеткіш қақтығыстар мен шабуылдардың былтырғыдан көп болғанын көрсетеді. Қаза болғандар саны да былтырғы ұқсас мезгілден 391 адамға көп.















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды