Иранның зымыран қондырғысы орнатылған әскери кемелері Қазақстанның Каспий теңіз жағасына келді. Иран Теңіз күштерінің кешегі мәлімдемесінде Иранның қарым-қатынасты нығайту және достық-бейбітшілік жолдауы ретінде әскери флот Каспий теңізіне шектесетін елдерге достық сапар жасайтыны айтылған.
Ираннан Қазақстанға аттанған флоттың қолбасшысы Мұхаммд Маһди Ахмеди сапардан бұрын баспасөз конференциясын өткізіп, Қазақстанның Каспий жағалауына жасайтын сапары туралы мәлімет берген. Мәлімдемеге сәйкес, Иран Теңіз күштерінің тоғызыншы флоты достық-бейбітшілік қарым-қатынасты нығайту мақсатында Қазақстанның Каспий жағалауында үш күн аялдайды.
Қазақстанға аттанған әскери флотта зымыран қондырғылы «Сепар» және «Джоушан» кемелері бар. Иран Теңіз күштерінің тоғызыншы флоты Каспий теңізіндегі территорияны қорғау мен теңіздегі шарлау қызметін атқарып келген.


















«ҚАЗАҚСТАН ӘСКЕРІ РЕСЕЙ ШЕКАРАСЫН ҚОРҒАУҒА БАРА МА?»: ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ ЖАУАП БЕРДІ
Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
Украина дағдарысының күшейуіне байланысты Ресей – Моңголия - Қытай мүдделік қатынастары
Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды
Моңғолия астанасында жаппай наразылық шерулері өтті