Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Ислам Республикасының жаңа президенті Ибрахим Раисимен кездесті. Кездесуде екі елдің басшылары Қазақстан мен Иран арасындағы байланысты жоғары бағалаған. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
Президент Тоқаев Раисиді президент сайлауындағы жеңісімен де құттықтаған. Бұл Раисидің ИИР президенті ретінде Қазақстандағы алғашқы сапары. Кездесуде президенттер екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды тағы да алға жылжытып, көлік-логистика, ауылшаруашылық, инвестиция салалары бойынша келісімдерді нығайту түсуге күш салатындарын жеткізген.
Тоқаев пен Раисидің кездесуі Шанхай Ынтымақтастық Қауіпсіздік ұйымының 20 жылдығына арналған арнайы отырыс қарсаңында болып отыр. Бүгін Душанбеде өтетін бұл саммитте Иран аталмыш ұйымның ресми мүшесі болмақ. Бұдан тыс шара аясында Үндістан, Қытай және Пәкістан жоғары лауазымдылары да бас қосады.


















Қонаев сотындағы текетірес: 187 томдық жұмбақ, «заңсыз қамау» дау, судьяға екінші мәрте отвод
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?