Петерборда Каспий маңы елдері теңіз әскери күштерінің бас қолбасшылары бас қосты. Жиын соңында Каспий маңы елдерінің әскери ынтымақтастық туралы меморандумына қол қойды.
Мәліметтерге қарағанда бес ел арасында қол қойылған меморандум әскери әрекеттер, төтенше жағдайларда көмек беру, информацияларды алмасу және әскери білім беру сынды ынтымақтастық бағыттарын қамтиды.
Бұған қоса қол қойылған меморандум бойынша, Каспий маңы елдері су үсті және су асты кемелерін жасау, жөндеу жұмыстарында бір-бірінің мүмкіндіктерін пайдалана алмақ. Әскери-қорғаныс және әскери кемелерді жасау, жөндеу жұмыстарына мамандарды жетілдіру, әскери білім беруде де бес ел арасында алмасуларға мүмкіндік береді.
Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Түркіменстан және Иран қатарлы бес ел Каспий мәселесіне өзге елдерді араластырмау туралы қаулыны бекіткеннен кейін ғана аталмыш меморандумға қол қойғанын айта кеткен жөн.


















«ҚАЗАҚСТАН ӘСКЕРІ РЕСЕЙ ШЕКАРАСЫН ҚОРҒАУҒА БАРА МА?»: ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ ЖАУАП БЕРДІ
Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
Украина дағдарысының күшейуіне байланысты Ресей – Моңголия - Қытай мүдделік қатынастары
Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды
Моңғолия астанасында жаппай наразылық шерулері өтті