Шри-Ланкада қатарынан 8 жерде террорлық шабуыл болып, 262 адам қаза тауып, 400ден астам адам жарақат алған. Жергілікті полицияның мәліметіне қарағанда террорлық шабуыл бір уақытта 3 қонақ үй, 3 шіркеу және тұрғындар шоғырлы орналасқан екі орынға бағытталған.
Шри-Ланканың СІМ тарабы жасаған мәлімдемеде, қаза болғандар арасында 27 шетелдік азамат бар. Бұған дейін, Түркия мен Үндістан Сыртқы істер министрліктері қаза тапқандар арасында өз азаматтарының бар екені туралы мәлімдеді. Орталық қала маңындағы күдіктілерге бағытталған қарулы операция кезінде екі полицей қаза тапқан.
BBC жергілікті полицияның мәліметіне сілтіме жасай отырып, терроролық шабуылдың азанғы уақытта Кохчайкаде, Катана, Баттикалоа қалаларындағы шіркеулер мен елдің орталық қаласы Коломбода бес жұлдызды Шангри-Ла, Синнамон Гранд және Кингсбери қонақүйлеріне бағытталғанын хабарлады. Бұлардан тыс Коломбо қаласына жақын орналасқан Дехивала қаласындағы екі жерде жарылыс болған.
Елдегі жағдайға байланысты коменданттық сағат жарияланып, қауіпсіздік күштер аттанысқа келтірілді. Қазірге дейін ешбір террорлық ұйым террорлық шабуыл туралы мәлімдеме жасамаған.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді