Бүгінгі әлемдік ақпаратта қызу талқыға түскен Шри-Ланкадағы жаппай наразылық шарасының  жетістігі ретінде қаралып жатқан ел президенті Готабая Раджапаксаның қашып кетуі болды. Бұл туралы BBC news жазды.

Президент Раджапакса Шри-Ланкадағы экономикалық дағдарысқа байланысты жаппай наразылықтар кезінде әскери ұшағына мініп Мальдив аралдарына әйелімен бірге қашқан, мұны әскери-әуе күштерінің штаб-пәтері мен премьер-министр кеңсесі растаған.
Шри-Ланка - Үндістанның оңтүстігінде орналасқан арал мемлекеті , 1948 жылы Британия билігінен тәуелсіздік алды. 22 миллион халқы бар. Шри-Ланкада наразылық жыл басынан бері жалғасып, осыдан 4 күн бұрын 9 шілдеде 10 мыңдаған наразылар президент резиденциясын басып алған болатын. Бұған жылдар бойы созылған отбасылық билік және елдегі инфляция басты себеп болды. Ел экономикасын дағдарысқа ұшыратқан биліктің кетуін талап еткен наразы жұрт көшеге шыққан. толық атауы Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасы , астанасы Коломбо қаласы, Оңтүстік Азиядағы Цейлон аралында орналасқан. Елдің негізгі кіріс көзі туризм болғандықтан, ел үкіметі экономикасының құлдырауын індетпен байланыстырады.

Раджапакса отбасы Шри-Ланка саясатында жиырма жыл бойы үстемдік етті және сингал буддистерінің көпшілігінің қолдауымен Готабая 2019 жылы президент болды. Ол 2009 жылы «Тамил жолбарысы» көтерілісшілеріне қарсы даулы соғыстағы әскери операцияларды басқарған. Президент Шри-Ланкадағы мемлекет, үкімет және әскер басшысы. Сондай-ақ парламенттегі билеуші ​​партияны басқаратын премьер-министрмен көптеген атқарушы жауапкершіліктерді бөліседі.

Келесі президенттің кім болатынын болжау қиын. Заң бойынша орнын премьер-министр Ранил Викрмесингхе атқаруы керек. Алайда ол бұрынғы президенттің жақтасы болғандықтан, халық оны қолдамайды. Дүйсенбіде оппозицияның негізгі жетекшісі Саджит Премадаса Би-би-сиге президенттік сайлауға түсетіні туралы айтқан. Халықтың саясаткерлерге сенімі аз болғандықтан елді алдағы күндерде кімнің басқаратыны белгісіз.

Осыған ұқсас жағдай жыл басында біздің елде де болған. Алайда "ескертусіз оқ атуға" бұйрық берген ел президенті Тоқаев бір Алматының өзінде 20 мың террорист болды деген болатын.

The Qazaq Times