Жапонияның Nikkei News ақпараттық агенттігінің жексенбі күнгі хабарында, АҚШ пен Жапония бұрын соңды болмаған ауқымды іздестіру және құтқару жұмысына мол қаражат аудара отырып, апатқа ұшыраған F-35 ұшағының қалдықтарын іздестірмек. Одақтас елдер жауынгерлік ұшағының қалдықтарын Ресей мен Қытайдан бұрын табуға тырысуда.
Өткен аптада Жапон теңізі жағалауында F-35 ұшағы радардан жоғалып кеткен болатын. Әуе күштерінің айбыны саналатын бұл ұшақты іздестіруге P-8A патрульдік ұшағы, «Sterling» атты әскери кеме және B-52 бомбалаушы ұшағы қатарлы бірқатар озық әскери техникалар тартылған болатын.
Құлаған ұшақтың бөлшектерін іздестіруге Ресей мен Қытай да қыруар күш жігерін жұмсаған болатын. Себебі, F-35 жауынгерлік ұшағының құпиясын Ресей мен Қытай қолға түсіретін болса үш елдің әуе күштерінің теңгерімінде үлкен өзгерістер болуы мүмкін.
АҚШ F-35 жауынгерлік ұшағын дамыту үшін ұзақ жылдар мен миллиардтаған қаржы жұмсаған. Қазіргі кезде бұл ұшақтың кейбір мүмкіндіктері өзге ешбір ұшақтарда жоқ. Айталық, ол өзіне бағытталған зымырандарды қиратуға, жылдам ұшып-қонуға қабілетті. Сондай-ақ, ұшақ Қытай мен Ресейдің зымыран жүйелеріне қарсы күресуге де қабілетті. F-35 ұшағын пайдалану құқығына АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, Аустралия, Түркия қатарлы санаулы елдер ғана ие.
Мәліметтерге қарағанда, Қытай қорғаныс күштері кибер-шабуылдар арқылы F-35 ұшағын өндіруге қатысты кейбір сызбаларды қолға түсірген. Егер, F-35 ұшағының бір нұсқасын қолға түсіретін болса бұл осы соғыс ұшағын зерттеу жұмысын недәуір жеңілдетпек. Бұл және Қытай мен АҚШ арасындағы әуе күштерінің қазіргі айырмашылығын қысқартады.
“The Qazaq Times”


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді