Сәуір айында өтуі тиіс болған Орталық Азия елдері басшыларының саммиті өтпейтін болды.
Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында сәуір айының 12-і күні Орталық Азия елдері басшыларының кезекті саммиті өтуі тиіс болған. Бірақ Тәжікстан президент әкімшілігіндегі дереккөздердің мәліметі бойынша, саммит кейінге қалдырылған. Әзірге саммитінің не себепті кейінге қалдырылғаны белгісіз. Бірақ, халықаралық сарапшылардың пікірінше, саммиттің өз уақытында өтпеуіне Қазақстандағы билік транзиті себеп болған және бұл шешім мүдделі тараптардың келісімі бойынша қабылданған.
Естеріңізге салайық, Орталық Азия елдері басшыларының алғашқы бас қосуы былтыр наурыз айының 15-і күні Астана қаласында өткен. Оған сол кездегі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиеев, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков, Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон және Түркіменстан парламент мәжілісінің төрайымы Ақжа Нұрбердыева қатысқан.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?