Тәжікстанның Берлиндегі елшілігі Германияның күш құрылымдарынан тоғыз тәжікстандықты қамауға алуының себебін түсіндіруді талап етті. Бұл жөнінде тәжік дипломаты Сохибназар Гайратшо мәлімдеді.
29 наурызда Германия полициясы 11 адамды ұстаған. Оның 9-ы теракт жасамақ болды деген күдікке ілінген деп хабарлайды Bild ақпарат көзі. 1 сәуірде олардың бәрін босатқан. Бірақ күдікті ретінде тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.
«Германия билігі отандастарымыздың ұсталғаны жөнінде хабардар етуі керек еді. Біз Дюссельдорф билігіне ресми сұрау жібердік», - деп мәлімдеді Тәжікстанның Германиядағы елшісі. Оның айтуынша, тәжік дипломаттары бұл ақпараттардың бәрін тек баспасөз арқылы біліп отырған.
Тәжік елшісі отандастарының ұсталуына Эссендегі оқиға себеп болған дейді. 19 жастағы тәжікстандық жүргізуші жылдамдығын арттырып, жаяу жүргіншілер жолағына шығып кеткен. Кейін арнайы операция жүргізіліп, 11 тәжік азаматы терроризм күдігі бойынша ұсталған.
Неміс ақпарат құралдарының хабарлауынша, ұсталғандар "Ислам мемлекеті" террористік ұйымымен қатысы бар деген күдікке ілінген.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?