Ұлыбритания премьер-минитсрі Тереза Мэй отставкаға кетуге дайын. Бұл туралы Time басылымы хабарлады.
Парламентерийлер екі рет қабылдаудан бас тартқан Еуроодақтан шығу туралы жоба үшінші кезеңде мақұлданса, Мэй отставкаға кетеді. Егер парламент келісімге вето жариялаған жағдайда, науқан 12 сәуірге жылжытылады.
Ұлыбритания Еуроодақ құрамынан 2019 жылдың 29 наурызында шығуы тиіс. Ал 2020 жылдың соңына дейін ішкі нарықтағы жағдай, дипломатиялық байланыс пен еуропалық саясатқа реформалар енгізілмейді. Дегенмен, Одақ құрамындағы елдер Мэй үкіметінің жоспарына қатысты сенімсіздік танытты. Енді британдықтар Еуропарламентте мамырда өтетін сайлауға қатысуға міндетті. Мэй желтоқсанда өтетін дауыс беру кезеңін қаңтар айына ауыстырған болатын. Себебі, брекситтің кедендік және біріңғай нарыққа бағытталған келісімшарты Солтүстік Ирландияны қанағаттандырмаған еді. Бұдан бөлек, Ұлыбританияның үкімет басшысы Еуроодақтың да кейбір дүниелерге кепілдік береміз дегенін тілге тиек еткен. Алайда, нақты қандай мақсаттарға екендігін ашып айтпады. Брекситтің дауыс беруі жақындаған сайын, Британия тұрғындарының да алаңдауы жиілей бастаған.
Кезекті дауыс беру нәтижесінде Британиядағы қауымдар палатасы Брекситті кейінге қалдыру керек деген шешім қабылдаған. Депутатардың басым бөлігі 22 мамырда болуы қажет деп ұйғарды. Тереза Мэй өз сөзінде: «Екі жыл бойы депуттатар Еуроодақ құрамынан шығуға қатысты ортақ мәмілеге келе алмады. Нәтижесінде қолымызда келісімнің жоқтығынан 29 наурызда ойлағанымыз жүзеге аспайын деп тұр. Бұл кідіріс мен үшін өте өкінішті. Бұдан бөлек, көпшілік қауым да өкпелі деп ойлаймын», – деді.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі