Кеше Алматыда «Еламанаты» қоғамдық бірлестігі Қытайдағы қазақ мәселесін тақырып еткен баспасөз жиынын өткізді. Жиында Қытайдағы қазақтардың бүгінгі жағдайы туралы талқыланып, бірқатар ұсыныстар ортаға салынды.
Жиынды аталған бірлестік төрағасы Рысбек Тоқтасын бастап жүргізіп, Қытайда жасап жатқан қазақтардың бүгінгі басты проблемаларын атап көрсетті. Ол сөзінде Қытайдағы қазақтардың салт-дәстүрлерін ұстану мен діни наным-сенім құқықтары тапталып, қазақ тіліндегі мектептердің жабылып жатқанын айта келіп: «Бүгінде қытайдағы 2 миллионға жуық қандасымыз ұлт ретінде жойылып кетудің алдында тұр», – деді. Рысбек Тоқтасын мырза бірлестік атынан президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан Қытайдағы қазақ тағдырына бей-жай қарамай, дипломатиялық арналарды пайдалана отырып, ұлттың тағдырына саятын мәселені оңды шешуін өтініш етті.
Жиналысқа қатысқан қоғам қайраткері Рысбек Сәрсенбай Қытайдың Қазақстандағы экономикалық, стратегиялық мүдделерінің бар екенін алға тарта отырып, айталық мұнай-газындағы Қытай үлесі мен «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасындағы Қазақстанның маңыздылығын алға тарта отрып, Қытай билігіне өз талаптарымыз қоюға болатынын атап көрсетті. Сонымен қатар, экономикалық және саяси қарым-қатынаста тең құқылы болудың осындай кезеңдерде аса маңыз екенін айтты. Ал, Режиссер Еркін Рақышев бірнеше жылдан бері көтеріліп келе жатқан «Қытай қазақтарының мәселесін шешу үшін арнайы мемлекеттік комиссия құру керек» деген нақты ұсынысын ортаға салды.
«Еламанаты» қоғамдық бірлестігі Қытайдағы қазақтардың және елге келген ағайынның мәселелерімен белсенді әрі тұрақты араласып келеді. Былтырдан бері аталған бірлестік аталған өзекті тақырыптармен көптеген кездесулерді, баспасөз мәслихатын ұйымдастырып келеді.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі