Еуроодақ дипломаттары өткен жылы қарашада Керш бұғазында болған оқиғаға байланысты Ресейдің бірнеше азаматына санкция енгізу туралы құжатты мақұлдады.
Осыған дейін Еуропалық Одақ елдерінің Ресейге қарсы санкция енгізу мәселесін талқылағаны жайлы жағған болатынбыз. Reuters агенттігінің хабарлауынша, санкциялық тізімге Қырымда және Севастополда ФСБ Шекара қызметінің басшысы Сергей Станкевич, оның орынбасары Андрей Шеин, «Дон» күзет кемесінің капитаны Алексей Саляев, «Изумруд» кемесінің капитаны Андрей Шипицин және «Суздалец» теңіз кемесінің капитаны Сергей Щербаков енгізілген.
Бұған дейін Мәскеу мен Киев текетіресіне қатысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында АҚШ-тың тұрақты өкілі Никки Хейли Ресейдің кезекті агрессиялық әрекетін «қауіпті эскалация және халықаралық құқықтың бұзылуы» деп сынға алған. Ал мемлекеттік хатшы Майк Помпео: «АҚШ Ресейдің агрессивті әрекеттерін айыптайды. Украинаға кемелерді қайтарып, ұсталған экипаж мүшелерін босатуды, Украинаның егемендігі мен оның аумақтық тұтастығын құрметтеуді Ресейден талап етеміз», – деп мәлімдеді.
Еске сала кетейік, 25 қарашада Ресей арнайы жасағы Азов теңізінде Украина әскери теңіз күштеріне тиесілі үш бірдей кемеге шабуыл жасап, басып алған болатын. Осыдан кейін Украина қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс отырысы өтіп, ел президенті Петр Порошенко соғыс жағдайын енгізген. Екі ел арасындағы текетірес НАТО мен ЕО елдерін және АҚШ-ты бей-жай қалдырған жоқ. НАТО Ресейден Украинаның аумақтық тұтастығына құрметпен қарауды талап етсе, Уашингтон Мәскеуді «агрессиялық бағыттағы мемлекет» деп айыптады.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті