Батыс пен Ресей қарым-қатынасының қазіргі жағдайына байланысты Еуропа Одағы ресейлік энергетикаға тәуелділігін қысқартудың барлық мүмкіндіктерін қарастыруда. Соңғы шешімге байланысты Еуропа Комиссиясы газ тұтынуды 15 пайызға дейін қысқарту туралы жоспарды қабылдады.
Чехия кезекті төрағалық етуші ел ретінде ЕО Комиссиясының энергия қолдануды үнемдеу бойынша шешімін бекітті. Жоба одаққа мүше елдердің газ қолдану мөлшерін 15 пайызға дейін қысқартуды көздейді. Бұл Еуропаның Ресей газын тұтыну мөлшерін айтарлықтай төмендетуі мүмкін.
Қазіргі Ресей мен Батыс қарым-қатынасына байланысты табиғи газ Мәскеудің салмақты саяси қаруларының біріне айналды. Бір ай бұрын ресейлік Газпром компаниясы техникалық ақауларға байланысты Еуропаға табиғи газ тасымалдаушы «Солтүстік ағым» газ құбырында жөнелтіліп жатқан газдың 60 пайызын қысқартып тастаған еді.
Кеше ғана Кремльдің баспасөз өкілі Песков бұның басты себебі техникалық ақаулар екенін, саяси шешім емес екенін қайталады және техникалық ақауларға Батыстың санкциялары себеп болды деп көрсетті.
Ресейлік кейбір сарапшылар қыс айлары жақындағанда Ресей мен Еуропа қарым-қатынасы Мәскеудің басымдығына қарай ойысады, себебі Еуропа Ресейдің табиғи газына деген тәуелділігін қыс айларында көбірек сезінетінін алға тартады. Еуропа Одағы да дәл осы кездегі геосаяси ойындардағы өз позициясын қорғау үшін кезекті шараны қабылдап отырғаны белгілі. Қалай болмасын, қысқа қарай геосаяси тартыстар тіпті де қыза түсетіні анық байқалады.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі