Қазақстандағы бірнеше ЖОО gosreestr.kz сайтында сатылымға қойылды. Республика меншігіне тиесілі Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті, Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы, Алматы энергетика және байланыс университеті 2019 жылдың 7 наурызында саудаға түсетін болады.
ҚР қаржы министрлігінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша сатылым аукцион әдісі бойынша жүргізіледі және белгіленген соммадан ең жоғары баға ұсынғандардың қолына өтеді.
Сонымен бірге Алматы энергетика және байланыс университетінің 33,65% және қалған ЖОО-ның 35 пайызы сатылымға шығарылмақ. Бұдан бөлек олардың бағалары да әртүрлі болады.
Қазіргі таңда Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің белгіленген соммасы 336 396 978 теңге, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы 2 522 061 мың 695 теңге, Алматы энергетика және байланыс университеті 1 401 617 089 теңгеге бағалануда.
Сондай-ақ, Су спорты және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі де аукционға шығарылған. Бастапқы құны - 331 060 000 теңге.
Қаржы министрлігінің мәліметі бойынша: «Объектілердің барлығы электронды тендер арқылы жүргізіліп, әрбір сатып алушы өздерінің бағаларын жабық электронды конверт арқылы реестр веб-парақшасында жолдайды».
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Қазақстан-Британ техникалық университеті 5,4 млн теңгеге бағаланып, 11,3 млрд теңгеге сатылған болатын.