Астана қаласындағы мектептер мен балабақшаларда жұмыс істейтін мамандар арасында туберкулез ауруы өршіп барады. Білім ордаларындағы мұндай келеңсіздік, жас жеткіншектердің өміріне тым қауіпті екендігі белгілі.
Елордағы да орналасқан №33 балабақшаның ағылшын тілі пәнінен сабақ беретін ұстаз 19 қаңтар күні жөтел дертіне байланысты медициналық орталыққа жүгінген. Алайда, 25 қаңтар күні мұғалімнің туберкулез ауруына шалдыққандығын дәрігерлер растаған. Сонымен бірге, аталған ұстаз №44 балабақшада да қосымша жұмыс істегендігі белгілі болды.
Сондай-ақ, №80 мектептің бастауыш сыныптарына ағылшын тілінен дәріс берген мұғалімге де аталған дерттің жұққандығы анықталды.
Осыған байланысты Астана қаласындағы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Сәдуақас Байғабұлов Елордадағы оқиға тіркелген мектеп пен балабақшада прокуратура кезектен тыс тексеріс жүргізе бастағандығын мәлімдеген.
2018 жылы балабақшаның 4 қызметкері мен мектептерден 8 ұстаз туберкулез ауруына шалдыққан.
Дәрігерлердің айтуы бойынша, мұндай жағдайдың білім ордаларында жүруі өте қауіпті. Себебі, иммунитеті әлсіз балалар бірден дертке шалдығып қалуы да ғажап емес. Сондықтан, ең алғаш барлық білім ордалары мен балабақшалардағы санитарлық жағдайды бақылап, қызметкерлерді жиі-жиі тексерістен өткізу туралы кеңес береді.
«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демекші, мұның алдын алмаса жағдайдың тым қиындап кететіндігі сөзсіз. Білім нәрімен сусындануға аттанған жеткіншектердің дертке шалдыққандығы, қандай ата-анаға болса да ауыр тиетіндігі сөзсіз.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді