Алматы қалалық полиция департаменті әлемжеліде тарқаған видеодағы "балаларды ұрған" балабақша тәрбиешісінің әрекетіне байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады
Полиция департаменті 140-баптың 2-бөлігі яғни Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау заңнамасы бойынша балаларға жәбір көрсеткен тәрбиешіге іс қозғалғанын хабарлады.
Қылмыстық іске қатысты материалды Жетісу аудандық полиция басқармасы тіркеген. Тергеу аясында жағдайдың жай-жапсары анықталып, тәрбиешінің әрекетіне құқықтық баға берілетінін хабарлады полиция басқармасының хабарламасында.
Бұған дейін әлеуметтік желіде тарқаған балабақшалардың біріне орнатылған бақылау камерасына түсірілген видео жарияланған болатын. Видеоға балатәрбиешісінің балаларға қол көтергені және оларды жұлқылап құлатқаны жазылып қалған.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел