Ашаршылық құрбандарына арналған «Зұлмат» деректі фильмі жарық көрді.
Журналист, Жанболат Мамайдың авторлығымен түсірілген фильмде 1921-1922, 1931-1933 жылдары қазақ даласында болған жан түршігерлік оқиғалар жөнінде айтылған. Осы уақытқа дейін қарапайым халық арасында «қазақ ашаршылыққа қарсы күреспеген бе? Сталин режиміне ешқандай қарсылықсыз мойын ұсынған ба?» деген сан алуан саұрақтардың бар болғандығын ескерсек, «Зұлмат» фильмі дәл осы сұрақтарға жауап береді. Фильм авторлары тарихи деректерге сүйеніп, ашаршылық жылдары күшпен ұжымдастыруға қарсы ел арасында «Сары боз» әскери жасақтары құрылып, қызыл армияға қарсы күрес жүргізгенін айтады.
Біз әрине фильмге толыққанды баға беретін тарихшы немесе кинотанушы емеспіз. Бірақ кеше Алматының «Арман» кинотеатрында өткен фильмнің тұсау кесеріне жиналған мыңдаған адамды көріп, «ашаршылық» тақырыбының қазақ қоғамына қаншалықты маңызды екендігін байқадық.