Социологтар Ресей президенті Владимир Путинге қатысты сенім рейтингісінің кезекті мәрте төмендегенін анықтады. Сауалнама бойынша, ресейліктердің 33%-ы ғана мемлекет басшысына сенім білдірген. Бұл соңғы 13 жылдағы ең төменгі көрсеткіш.
Үкімет рейтингі зейнетақы реформасы басталғаннан кейін құлдырай бастаған. Бүкілресейлік қоғамдық пікірді зерттеу орталығының сараптауынша, сауалнамаға жауап берушілердің 32,8%-ы президентке сенім білдіретінін айтқан. Бірақ, бұл көрсеткіш Владимир Путиннің рейтингісі жылдан-жылға төмендеп бара жатқанын білдіреді дейді сарапшылар. Ал «Қоғамдық пікір» қорының (ФОМ) есептеуінше, Путинге «сөзсіз сенетіндер» саны соңғы аптада, керісінше, 31%-дан 33% -ға дейін өскен. Ал халықтың 34%-ға жуығы мемлекет басшысына деген сенімнің жоқтығын білдірген. 2018 жылдың наурызында Путин жеңіске жеткен президенттік сайлауға дейін бұл көрсеткіш 66-68% деңгейінде болған.
Әлеуметтанушылар Путин әкімшілігі ұсынған зейнетақы реформасы «Біртұтас Ресей» партиясының аймақтардағы жеңілісіне әкеп соқты деп санайды. Үкімет қаржылық жағдайды жақсарту үшін зейнеткерлік жасты көтеру туралы ой тастады, бірақ бұл шешім ресейліктердің наразылығын тудырды. Соған қарамастан, тамыздың соңында президент Путин ымыраластық нұсқа ұсынды: бастапқы жобада көрсетілгендей, ерлер үшін зейнет жасын 60-тан 65 жасқа дейін көтеру, ал әйелдер үшін 60 жасқа дейін ұлғайту. Осы нұсқа бірден қабылданып, парламент президенттің түзетуіне сәйкес зейнетақы реформасы туралы заң жобасын қабылдады.
3 қазанда Владимир Путин аталған заң жобасына қол қойды. Нәтижесінде, оның рейтінгісі 2016 жылмен салыстырғанда күрт төмендеп кеткен. Ресми мәліметтер бойынша, 2018 жылдың қазан айында Путиннің рейтингі 66%-ға төмендеді. 2014 жылдың көктемінде Ресей Қырымды аннексиялап алғаннан кейін, Путиннің саясаттағы орнына және билікте ұстанатын әділеттілік позициясына күмәнмен қарайтындар саны артқан.