Солтүстік Корея генералы АҚШ-қа барды.
"Yonhap" ақпарат агенттігінің мәліметінше, 18 қаңтар күні АҚШ пен Солтүстік Корея арасындаға келіссөздерді ұйымдастырушы генерал Ким Ен Чхоль Америкаға ресми іссапармен барған. Сапар барысында Чхоль АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесіп, оған Солтүстік Корея басшысы Ким Жоң Унның хатын табыстайды деп жоспарлануда.
Бұдан бөлек АҚШ-қа Оңтүстік Корея Ұлттық барлау қызметінің директоры Со Хуан да барған. Ол АҚШ Орталық барлау басқармасының басшысы Джина Хаспелмен кездесіп, Корей түбегін денуклеаризациялау (ядролық қарусыздануға) байланысты келіссөздер жүргізген.
Естеріңізге салайық, Дональд Трамп пен Ким Жоң Ун алғашқы кездесуі 2018 жылдың 12 маусым күні Сингапурде өткен. Келіссөздер барысында қос тарап бірлескен құжатқа қол қойған. Құжат бойынша, Солтүстік Корея денуклеаризациялау жауапкершілігін өз мойынына алады. Ал АҚШ Солүстік Корея қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кепіл болады.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?