Көп адам үйінің тар екенін айтып, өкпелеп жатады. Дегенмен әлемде ені 2 метрге де жетпейтін үйлерде тұрып жатқандар бар. Тек ондай тұратын жерін әдемілеп ретке келтіруі ісін кәсіби мамандарға: архитекторлар мен дизайнерлерге  сеніп тапсыру керек. Әлем қызықтары таусылмақ емес. 

Ені небәрі 2 метрлік болса да, онда өзіңді ыңғайлы сезіне аласың. Сондай бір үйлердің көрінісін назарларыңызға ұсынамыз:

KERET HOUSE

Бір қарағанда желдеткішке ұқсайтын,шын мәнісінде ені 1,2 метр болатын, екі үйдің арасында жолға салынған кәдімгі үй. Архитекторы – Яков Шесн. Біреусінде жатын бөлме мен кабинет, екіншісінде ас үй орналасқан бұл екі қабатты үй Варшаваның орталығында орналасқан.

Фото: afigenchik.ru

Фото: afigenchik.ru

Фото: afigenchik.ru

SCULP (IT)  

Архитектуралық жұп деп аталатын Антверпендегі 4 қабатты бұл үйлердің ерекшелігі түрлі-түстілігінде. Бірінші қабатында кеңсе болса, қалғандарында басқа да бөлмелер және шатырында жуынатын ванна орналасқан.

Фото: afigenchik.ru

Фото: afigenchik.ru

Фото: afigenchik.ru

Фото: afigenchik.ru

«The Qazaq Times»