Халықаралық энергетика агенттігі 27 ақпанда мәлімдеме жасап, АҚШ 2019 жылға барғанда әлемдегі ең ірі мұнай өндіруші ел саналатын Ресейді басып озатынын алға тартты. ХЭА-ның межесіне қарағанда, АҚШ-тың мұнай өндірудегі бұл тың тебіні жаһандық нарыққа үлкен әсер ететінін айтты. Бұл туралы «People» басылымы хабарлады.
Аталған мәліметті Халықаралық энергетика агенттігінің атқарушы директоры Токиода өткен отырыста жария етті. Ол АҚШ биыл болмаса да, келесі жылы Ресейдің ірі мұнай өндіруші орынын иелейді деп сенім білдірді. Reuters агенттігіне берген сұхбатында Билор: «Құрама Штаттағы мұнай өндіру қарқыны тұрақты түрде артып келеді. Көп ұзамай әлемдегі ең ірі мұнай өндіруші ел болатыны сөзсіз», – деген.
Өткен ғасырдың 70-ші жылдарынан бері есептегенде, тек 2017 жылыдың соңында ғана АҚШ-тың шикі мұнай өндірісі алғаш рет тәулігіне 10 миллион баррельден асып, мұнай алыбы саналатын Сауд Арабияны артта қалдырған. Ақпан айының бас шенінде де, ХЭА мәлімдеме жасап, жыл соңына жеткенде АҚШ-тың мұнай өндірісі күніне 11 млн баррельге жетеді. Бұл деңгейде АҚШ Ресейден асып түсетінін айтқан. Бұған қоса Билордың ойынша, Құрама Штаттың мұнай өндірісіндегі қарқыны кемінде 4-5 жыл тоқтамайды.
Reuters агенттігі жасаған сараптамада, «мұнай экспорттаушы елдердің ұйымы және Ресейді қамтыған басқа ірі мұнай өндіруші елдер, өз нарығын ұстап тұру үшін өз өнімдерін бақылауды күшейтуі керек, себебі, АҚШ-тың мұнай өндірісіндегі жаңа тебін әлемдік мұнай нарығын бұзады» деген ой айтылған.
АҚШ мұнайы әлемдегі ең ірі және тез өсіп келе жатқан Азия нарығына экспортталады. Ал онда Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы мен Ресейдің нарықтық үлесі бар.