Әлемде таңдай қағарлық неше түрлі қолданыстағы заттар бар. Көпшілікті қызықтырып отырған дүниелерді бір-ақ ел ғана қолдануы мүмкін. Өткен жолы адамдарды арманға жетелейтін Жапония туралы, сол елдің қызықтары жайлы жазғанбыз. Осы жолы назарларыңызға әлем қызықтарын ұсынуды жөн көрдік.
Әр адам әртүрлі. Бірі өзгелермен кеңесіп киім алғысы келсе, енді біріне айналасындағылардың ойы маңызды емес. Ондайлар өздері еркін жүріп таңдағысы келеді. Соны ескере келе, Қытайда арнайы киім салатын кәрзеңкені екі түсте шығаратын болған. Мысалы, сатушының көмегі керек дейтіндер үшін апельсин түстес кәрзеңке берілсе, өзі таңдағысы келетіндер қара кәрзеңкелерді алып жүреді. Оп-оңай.
Отыратын бөлігі ауыспалы көшеде орнатылған орындықтар.
Бейжіңде метрода жүру үшін ақыны пластикалық құтымен төлеуге де болады.
Қолыңыз босамай тұрған сәтте, жеделсатымен көтерілетін қабаттың реттік санын аяқпен басуға болады.
Алғаш рет мектепке келіп отырған балалардың тыныш отыра алмасы анық. Бірінші сынып оқушыларына арналған парта.
Көзілдірік немесе смартфондарды тазалауға арналған микроталшықтары бар галстук.
Қауіпсіздік белдікті тақпайынша, музыкасы қосылмайтын автокөлік.
«Терезесі» бар қолшатыр.
Жалқау футболистерге арналған комплект.
Студенттерге арналған жастық.
Балалардың көзін сусабыннан қорғайтын баскиім.
Назарларыңызға рахмет!
«The Qazaq Times»